Untitled Document

Сұхбат... Мұсылманның қорқуы керек болған жайттары (1)

Мұсылманның кейбір жайттардан қатты қорқуы керек.

Имансыз жан тапсырудан қорқу. Ең көп қорқу қажет болған нәрсе осы болу керек. Адам өмір сүріп жатқан осы дүние өмірінде иманын қорғай алған және иманмен соңғы демін бере алған болса, ол кісі бақытты. Осының өзі оған жеткілікті болады. Бұл бақытқа қауышқаннан кейін бүкіл дүниелік байлықты толықтай жоғалтатын болса да, еш маңызы жоқ. Аллаһ сақтасын, имансыз өлген кісі жасаған ешбір ғибадатының, ешбір жақсылығының марапатын көре алмайды, мәңгі бақи тозақта жанады. Адам баласы мүмкіндікке қарай барлық нәрсенің ең жақсысын, ең көркемін алуға тырысады. Үйдің ең жақсысында тұруды, көліктің ең жақсысына мінуді қалайды және осы сияқты нәрселердің ең құндысын өзіне лайықты деп санайды. Бұларға қол жеткізгенде баладай қуанады... Өлімнің де ең жақсысын таңдау керек. Ал өлімнің ең жақсысына жақсылап өмір сүру арқылы қол жеткізу мүмкін. «Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі. Қалай өлсе, солай тіріледі».

Раббымыздың пендесіне берген ең үлкен ниғметі – оның иманмен қабірге кіруі. Бұдан артық ниғмет пен бақыт бола алмайды.

Күнә істеуден қорқу. Кирамән катибин періштелері біздің барлық амалдарымызды жазуда. Ахиретте бізді ұятқа қалдыратын және азапталуымызға себеп болатын күнәлардан қатты сақтануымыз керек. Жасаған күнәларымызды біз ұмытуымыз мүмкін, бірақ періштелер ұмытпайды, бәрін жазып сақтап қояды. Қиямет күні амал дәптерімізде есебімізде мүлдем болмаған күнәларымызды көретін болсақ, бұған таң қалмайық.

жалғасы ертең...