Untitled Document

Күннің тарихы... Ашура түні және күні

Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады.Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза». (Мүслим)

Бұл айдың ең қадірлі түні – Ашура түні. Аллаһу та’ала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың баласы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әййубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ашура күні Нұх алейһиссаламның кемесі Жуди тауына отырды. Ол күні Нұх және қасындағылар Аллаһу та’алаға шүкір ету үшін ораза тұтқан еді. Жануарлар да ешнәрсе жемеген еді. Аллаһу та’ала теңізді Бәни Исраил қауымы үшін Ашура күні жарды. Және Ашура күні Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламның және Юнус алейһиссалам қауымының тәубесін қабыл етті. Ибраһим алейһиссалам да осы күні туылды». (Табарани) Бұлі мына мына амалдарды жасау жақсы амал болады:

1. Ораза тұту. 2. Сила-и рахим жасау (туыстарға қонаққа бару), 3. Ілім үйрену, 4. Садақа беру, 5. Мұсылмандарға сәлем беру, 6. Отбасын, бала-шағасын қуанту, 7. Ғұсыл алу, тазалану.