Untitled Document

Күннің тарихы... Хазреті Айша

Хазреті Айша (радиаллаһу анһа) - Расулуллаһтың екінші сүйікті әйелі. Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһ) қызы. Өте ақылды, зерек, білімді, әдепті, таза және салих еді. Есте сақтау қабілеті күшті болғандықтан сахабалар көптеген нәрселерді содан сұрап білетін. Аяти кәримамен мадақталды. Ижтихады хазреті Әлиге сай келмегендіктен Түйе оқиғасында хазреті Әлиге қарсы соғысқан сахабалармен бірге болды. Хазреті Әли шәһит етілгенде қатты қайғырды. Хуруфилер оған көп жала жабуда. Хазреті Әлиді жақсы көрмеген деуде. Алайда, «Әлиді жақсы көру – иманнан» деген хадис шәрифті хазреті Айша хабарлаған. Осылайша, оны жақсы көретінін және барлық адамның оны жақсы көруі тиіс екенін білдірді. Хижреттен сегіз жыл бұрын дүниеге келіп, елу жетінші жылы алпыс бес жасында Мәдинада қайтыс болды.

 

Тамақтан кейін мына “дастархан дұғасын” оқу керек:

«Әлхамдулилләһилләзи әшба’анә уә әруана мин ғәйри хаулин миннә уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амуна. Аллаһуммәрзуқна қалбән тәқийан, минәшширки бәрийан лә кәфиран уә шәқийан уәлхамдулилләһи раббилаләмин»

Мағынасы: Біздің күш-қуатымыз болмай бізді ниғметтерімен тойғызған және шөлімізді қандырған Аллаһу та’алаға хамд (шүкір) болсын. Йа Рабби бізге бұл тамақты дайындағандарға және бізге бұл ниғметтерді ұсынғандарға сен де бер. Йа Рабби біздің көңілімізді ширк, күпір және жамандықтардан сақта. Біздерге дініміздің әмірлеріне бағынышты көңіл нәсіп ете гөр.