Untitled Document

Сұхбат... Хижри жаңа жыл

Мухаррам айы – Исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Бұл түнді ғибадатпен өткізу және құрмет көрсету керек. Құрмет көрсету күнә жасамай өткізу арқылы іске асады. Зүл-хиджа айының соңғы күнінде және Мухаррам айының бірінші күнінде ораза тұтқан адам сол жылдың барлығын ораза тұтқандай сауапқа қауышады. Бір хадис шәрифте: «Рамазаннан кейін ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады» делінген.

Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жылбасы, григориан күнтізбесі бойынша милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354,367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады.

Жаңа жыл дұғасы

Хадис шәрифте былай делінген:

«Кімде-кім Мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу Та’ала ол адамды келесі Мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды:

«Әлхамдулиллаһи Раббил-аләмин. Уассалату уәссәламу алә сайидина Мухаммадин уә алә әлиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Уә һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә алә сәйидина уә нәбиинә Мухаммедин уә ала әлиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».

Бұл дұғаны Ашура күні (Мухаррамның оныншы күні) 3 рет оқыған адам келесі Мухаррамға дейін өлімнен де амандықта болатыны, өйткені тағдырында өлетіні жазылған адамға бұл дұғаны оқу нәсіп болмайтыны білдірілген.