Untitled Document

Сұхбат... Бисмиллаһпен бастау

Сұрақ: Істерімізді бастағанда қысқаша Бисмиллаһ деп айту жеткілікті ме?

Жауап: Жеткілікті. «Һ» әрпі анық белгілі болу үшін «Бисмиллаһи» деу дұрысырақ.

Бисмиллаһпен басталған істі бітірген кезде де «Әлхамдулиллаһ» деу керек, яғни Аллаһу та’алаға шүкір ету керек!

Ибрахим сүресінің «Шүкір етсеңдер әлбетте ниғметімді арттырамын» мағынасындағы жетінші аяти каримасы мен «Кіші немесе үлкен ниғметке қауышқан адам "Әлхамдулиллаһ" десе, Аллаһу та’ала ол адамға бұл ниғметтің жақсырағын береді» және «Ішіп-жегеннен кейін "Әлхамдулиллаһ" деген адамнан Аллаһу та’ала разы болады» хадис шәрифтері ниғметке шүкір етілетін болса, әрі қолдағы ниғметтің жоқ болудан сақталатыны, әрі жаңа ниғметтерге де қолжеткізілетініне себеп болатындығы білдірілуде. (Т.Ғафилин)

 

Хашр сүресінің қасиеті

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кімде-кім таңертең үш рет «Әузу биллаһиссәми’ил алими минәшшайтанир ражим» дегеннен кейін Хашр сүресінің соңғы үш аятын оқыса, Аллаһ оған жетпіс мың періштені міндеттейді. Олар кешке дейін сол адамға дұға мен истиғфар етеді. Егер сол күні қайтыс болса, шәхид болып өледі. Бұл аяттады кешке оқығандар да дәл сол нәрселерге қауышады.» (Тирмизи)

«Хашр сүресінің соңын оқыған адамның өткен және келетін күнәларын (парыз бен құл қарыздарынан басқа) Аллаһу та’ала кешіреді.»

Ғалымдарымыз былай деген:

«Әр күні таңертең және кешке Хашр сүресінің соңын оқыған адамдар ахирет шәхиды болады».