Untitled Document

Сұхбат... Алтыннан құнды сөздер

♦ Аллаһу та’ала бір құлына жақсылық тілесе, құлы үнемі жақсы нәрселермен айналысып жүреді. Аллаһтың бір құлын жақсы көрмеуінің белгісі, оның үнемі пайдасыз істермен айналысуы.

♦ Жетістікті, табысты болудың шарты кішіпейіл, қарапайым мінезді болу. Қарапайым болған адамның дәрежесін Аллаһу та’ала көтереді. Қарапайым болған сайын дәрежесі көтеріле береді. Ал тәкаппар адамды төмендетеді. Ол тәкаппарланғанда халық оны менсінбейді. Қиямет күні тәкаппарлар аяқ астында қалып, қорланады.

♦ Мүминге қабағын түйіп қарау да құл ақысына жатады. Сондай-ақ ғайбат ету, ренжіту және суи зан (біреу туралы жаман ойлау) да құл ақысына жатады. Бұл құл ақыларынан құтылудың жалғыз жолы - ақы иелерінің разылығын алу. Біздікі дұрыс болса да барып «Досым сенікі дұрыс, мені кешір!» деу керек.

♦ Адамдарға рахмет айтпаған адам, Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.

♦ Бір адамның Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнбай, «Мен Аллаһты жақсы көремін» деп айтуы дұрыс емес. Тіпті сүйікті пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнбай жақсы көремін десе де сенбеу керек.  

♦ Діннің бір үкімін үйрету, жүз ұмра жасағаннан да құнды.

♦ Өлімді көп ойлау – өмірді ұзартады, көңілді сергітеді.

♦ Кім құлдардың күнәларын жасырса, Аллаһ та қияметте оның кемшіліктерін басқа құлдарынан жасырады.

♦ Қайғылы, мұңды кезде жасалған амал Аллаһтың құзырында қабыл болады.

♦ Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біліңдер: Кәріліктен бұрын жастық шақтың, аурудан бұрын денсаулықтың, өлімнен бұрын өмірдің, кедейліктен бұрын байлықтың, уақыт тапшылығы келмей тұрып бос уақыттың.

♦ Ахиретке пайдасы болмаған барлық нәрсе дүниелік болып табылады.

♦ Исламға қызмет етудің 3 шарты бар: Жылы жүзді, жылы сөзді болу; жомарттық; ықыласты болу.

♦ Маңыздысы көңілдің тазалығы, басты көп біліммен толтыру емес. Мүминнің бір сөзімен ғана адам хидаятқа ереді. Бірақ наданның сөзімен пәлекетке ұшырайды. Көңілдің нұрланғаны ісінен белгілі болады.