Untitled Document

Сұхбат... Мені Әбу Шубә хазретке апарыңдар!

Фақиһ Әбу Шубә хазрет Шафии мазһабының фиқһ ғалымы. Йеменде өмір сүрген. 676 (м.1277) жылы қайтыс болды. Заманының алдыңғы қатарлы танымал ғалымдарынан фиқһ және басқа да ғылымдарды үйренді. Ал одан өте көп адам білім алды. Көп кереметтері байқалды. Жүнди хабар берген:

Күндердің бірінде күндегідей дәріс алу үшін оған барған болатынмын. Дәріс өтетін мешіттің есігіне келгенімде іште бір топ адамның ұстазыммен сөйлескенін естідім. Алдында адамдар бар екен деп ойлап ішке кірмедім. Біраз күтіп тұрдым. Іштегі дауыстар басылған соң сыртта күтіп тұрғанымды білдіру үшін жөтеліп дауыс шығардым. Ұстазым «Кім бар?» деп сұрағанда есімімді айтып «Қызметшіңіз пәленше» дедім. «Кір!» деген соң ішке кірдім, ұстазымның қасында ешкім жоқ екенін көрдім. «Ұстазым, бағана сізбен біреулердің сөйлескенін, сізге сұрақ қойғанын, сіздің жауап бергеніңізді естіген едім, сізге қонақ келді деп ойладым. Бірақ мұнда сізден басқа ешкім жоқ екен, мұның хикметі не?» деп сұрадым. Бұл сұрағыма ұстазым таңқалып «Сен ол әңгімені естідің бе?» деді. «Иә» деп едім, «Алдыма жын тайпасынан шәкірт бауырларыңнан бір топ келген еді. Менен біраз мәселелерін сұрады. Мен сұрақтарына жауап бердім. Кейін олар кетіп қалды» деп жауап берді.

Хикмет...Ағаштар

Жас ағаштар ең кәрі қаратал ағашына балтаны шағымданып: «Мына балта біздің нәсілімізді жойып бітіретін болды» дейді. Кәрі ағаш: «Балтаның не жазығы бар дейсің. Ол да өзіндік тұрғысынан жақсы. Жақсы болмаса да бізге зияны тимейді. Оны бізге жамандық етуге сілтеп тұрған оның бізден болған сабы...» деген екен.