Untitled Document

Сұхбат... Парызды орындамаудың күнәсі

Дінімізде маңызды қағида бар: «Парызды орындамаудың күнәсі харам істеудің күнәсінен көбірек». Ал, харамнан сақтанудың сауабы парызды орындаудың сауабынан әлдеқайда көбірек.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Парыздан кейін ең құнды намаз – түнде оқылған тәһәжжуд намазы» (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Мажа).

Бір адам ең құнды сүннет болған тәһәжжуд намазын өмірінде мүлде оқымаса да, ахиретте оған ешқандай жаза берілмейді, тек сауабынан мақұрым қалады. Бірақ бір парызды орындамаудың жазасы өте үлкен. Діни кітаптарда былай делінеді:

«Дұшпанның алдында парыз намазды оқуға мүмкіндік бола тұра оқымаудың жазасы жеті жүз үлкен күнәға тең» (Жамиул-фәтауа, Умдәтул-Ислам).

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Парыздарды үйреніп, онымен амал еткен немесе біреуге үйреткен адамға Аллаһ мейірім танытсын» (Әбуш-шәйх).

«Аллаһу та'аланың саған парыз қылған нәрсесін орында, сонда адамдардың ең абиды боласың» (Ибн Адий) (Адамдардың ең абиды (ең көп ғибадат жасайтыны) көп нәпіл ғибадат ететін емес, парыздарды өткізбейтін адам болып табылады).

«Жиһад үшін басылған қадам мен бір парызды орындау үшін басылған қадамнан үстем ештеңе жоқ» (Тирмизи).

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса, сол бір күннің сауабына жете алмайды». (Тирмизи).

«Қияметте іші орындаған парыздарына толы болған адамға сүйінші!» (Дәйләми).

(Хадис құдсида) Аллаһу та'ала айтады: Бес уақыт намазды шарттарына сай уақытылы оқитын адамды жәннатқа кіргізетініме сөз бердім. Оқымайтын адамға берген сөзім жоқ» (Әбу Дауд, Ибн Мажа).