Untitled Document

Сұхбат... Жүрек қатайған кезде

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Мына бес нәрсе қатайған жүрекке ем болады:

1) Салихтармен бірге болу.

2) Құран кәрім оқу.

3) Халалдан аз тамаққа қанағаттану, өйткені халал жеу жүректі нұрландырады.

4) Кәпір және күнәһарларға дайындалған ауыр азапты ойлау.

5) Өзін Аллаһу та'алаға құлшылық міндетін атқаруға әлсіз және нұқсан көру, сонымен қатар Аллаһу та'аланың мейірімі мен қамқорлығын ойлау. Бұл тәфәккур саналады, бұдан ар-ұят пайда болады.

Мына үш нәрсені ойлау да тәфәккурге жатады:

1) Аллаһу та'аланың сенің ішкі және сыртқы дүниеңді білетінін, әр сәтте көріп тұрғанын ойлау.

2) Дүние өмірін, күйбең тіршілігінің көптігін, дүние өмірінің өте тез өтетінін, ал ахиреттің және ниғметтерінің тұрақты екенін естен шығармау. Осы тәфәккур дүниеге берілмей, ахиретке бет бұру секілді жемісін береді.

3) Өлімді ойлау және мүмкіндікті жіберіп алған соң өкінудің пайдасы жоқ екенін білу. Мұндай тәфәккурдың жемісі – ұзақ өмір сүруді аңсамау, амалдарды түзеу, ахиретке дайындық жасау.

Тілмен өтірік айтпау, көзбен харамға қарамау, жүрекпен мұсылман бауырымызды күндемеу, кек сақтамау және жақсы амалға ұмтылу керек. Бұлай істемеген адам соңында бейбақ болады.

Ең пайдалы қорқыныш – күнә істеуге бөгет болатын, қолдан жіберіп алған мүмкіндік үшін қайғыруға себеп болатын және қалған өмірді үздіксіз ойландыратын қорқыныш. Ең пайдалы үміт – амал етуді жеңілдететіні.

Үміт үшке бөлінеді:

1) Жақсы амал жасап, қабыл болуын күтетін адамның үміті.

2) Жаман іс жасаған соң тәубе етіп, кешірілуін күтетін адамның үміті.

3) Тұрақты түрде күнә істеп, Аллаһу та'ала оны кешіретінін ойлайтын адамның үміті. Бұл үміт қабыл болмайды.