Untitled Document

Айт мерекесіне дайындық

Айттан бұрын тағам мен киім сатып алу, үй мен айналаны тазалау істері атқарылады. Мейрам күндері барлық адамдар таза киінеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедей, жетім адамдарды қуантады. Айт намазынан кейін қабірге зиярат жасалады. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды.

Айт намазы қалай оқылады?

Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Жамағатпен бірге оқылады. Бірінші рәкатта субханакәдан кейін әр қайсысында бөлек тәкбірмен қолды үш рет құлаққа көтеріп, бірінші мен екіншісінде екі жаққа түсіріледі. Үшіншісінде кіндік астында байлайды. Фатиха мен зәм сүре оқылып, руку мен сәжде жасалады. Екінші рәкатта тұрып, фатиха мен замм сүрелерін оқығаннан кейін екі қолды тағы да «Аллаһу әкбар» деп құлаққа көтереді. Үшінші тәкбирде қолды жанына түсіреді. Төртінші тәкбірде қолды көтермей, руку жасайды. Сәжде жасап, отырғаннан кейін сәлем беріледі. 

Екі рәкатта неше рет қолды құлаққа апару керектігі оңай есте қалуы үшін  «екі таста бір байла, үш таста бір еңкей» деп жаттап алынады.

Мал сойғанда мәкрух болатын нәрселер

1. Құрбандық малды соятын жерге сүйретіп апару, себепсіз жәбірлеу.

2. Пышақты малды жатқызғаннан кейін қайрау және біреуін екіншісінің көз алдында сою мәкрух болады.

3. Денесі суи бастамай тұрып, яғни тыпыршуы тоқтамай тұрып басын кесіп алу мәкрух болады.

4. Мал толығымен өліп тыпыршуы тоқтамай тұрып жұлынын кесіп басын алып тастау және терісін сыпыра бастау мәкрух болады.

5. Қамыс, тас секілді өткір заттармен сою, өтпес пышақпен союға тырысу мәкрух болады.

6. Туатын кезі жақын қалған малды сою мәкрух болады.

7. Ұрланған, тартып алынған пышақпен сою да мәкрух болады.