Құрбандық ... Құрбандыққа шалынатын мал түрлері және ерекшеліктері
1. Қой, ешкі, сиыр және түйеден құрбандық шалуға болады. Басқа жануарлардан құрбандық шалуға болмайды.
2. Ұрғашы мал да, еркек мал да құрбандыққа жарайды. Қойдан еркегін және түсінің ағы қарасынан көп болғанын.
3. Жүні қырқылған қойды құрбандық шалу және құрбандық үшін сатып алу мәкрух болады.
4. Қой-ешкі 1, сиыр 2, түйе 5 жастан асқан болуы керек. 6 айдан асқан қозы ірі болса құрбандық шалуға болады.
5. Бір көзі соқыр, ақсақ болып жүре алмайтын, тістерінің жартысы жоқ, құлағының немесе құйрығының басым бөлігі жоқ, бір аяғы шолақ немесе өлейін деп тұрған ауру малды құрбандыққа союға болмайды.
6. Киік секілді етін жеуге болатын жабайы жануарларды құрбандыққа шалуға болмайды. Жабайы өгіз (буйвол), жабайы түйе (лама) және жабайы қойдан да құрбандық шалуға болмайды. Шағылысқан (будан) болса мәселен жабайы қошқар мен үй қойы шағылысса, туған төлі құрбандыққа болады. Ал керісінше жағдайда яғни бір теке киікпен шағылысса, туылған төлі құрбандыққа болмайды, өйткені үкім бойынша анасына қаралады. Анасы үй жануары болса құрбандыққа болады.
7. Аталық бездері (жұмыртқалары) кішкентай, аналығы буаз, жүндері түлеп кеткен малды құрбандыққа шалу мәкрух болады.
8. Мұрны немесе тілі кесілген немесе көп мөлшері жоқ болған малдан құрбандық шалуға болмайды.
9. Қой-ешкіде бір, сиырда екі емшегі кесілген болса құрбандыққа болмайды, бірақ баласын емізе алатын болса болады.
10. Екі құлағы кесілген, біреуі түбінен кесілген, құйрығы кесілген, бір немесе екі құлағы жоқ болған мал құрбандыққа болмайды.
11. Бір мүшесі сүйегінің бірінші буынына дейін мысалыға аяғы тізесіне дейін сынған (жұлынған) малдан құрбандық шалуға болмайды.
12. Құрбандық шалынатын өгізге міну немесе оған соқа қосып жер жырту мәкрух болады.