Құрбандық ... Құрбандық малдағы кемшіліктер
Құрбандық шалуға кедергі болмайтын кемшіліктердің бірнешеуі мыналар:
1. Мүйізі сынық немесе мүйізі жоқ малды құрбандық шалуға болады.
2. Құлағының басым бөлігі кесіліп салбырап тұрса мәкрух болумен қатар жаиз болады. Жартысынан аз бөлігі кесілген болса, құрбандық шалуға болады. Құлағы енінен немесе бойынан жырық болса, құрбандыққа болады. Құлақтың жыртық болуы тәнзиһан мәкрух болады. Мұрынның үкімі де құлақ секілді. Қотыры бар, піштірілген малды да құрбандық шалу жаиз болады. Піштірілген мал, піштірілмеген малдан жақсы, өйткені мұндай қошқарлар семіз және еттері дәмді болады. Пайғамбарымыз піштірілген қошқарды құрбандыққа шалған.
3. Құлағы, құйрығы кішкентай болып туған мал құрбандыққа болады. Құйрығы кесілмеген болса меринос қойдан да құрбандық болады.
4. Ұрғашы малмен шағылыса алмайтын, жыныстық мүшесі кесілген малмен құрбандық болады. Гермафродит (екі жынысты) малмен құрбандық шалмау керек.
5. Өзі шөп жей алатындай жынды болған, отардан бөлінбейтін малдан құрбандық болады. Отардан бөлініп, өзі шөп жей алмайтындай дәрежеде жынды болған малдан құрбандық шалуға болмайды.
6. Бір көзінде көруіне кедергі болмайтын пердесі бар малды құрбандыққа шалу жаиз болады.
7. Құрбандық малды соятын жерге алып келе жатқанда тебініп, жұлқынып, бір аяғы сынып кейін сойылса жаиз болады.
8. Тістерінің басым бөлігі бар болса мәкрух болумен қатар жаиз болады.
9. Қотыры бар малды құрбандық шалу жаиз.
10. Меринос қойлардың кішкентайында құйрықтарын кесіп тастайды. Кесілмесе мериносты да құрбандыққа шалуға болады.