Сұхбат... Намазды мешітте оқығанға берілетін құтылу құжаты
Жамағатпен намаз оқу сүннет-и худа, яғни ислам дінінің белгісі болған маңызды сүннет. Жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқылған намаздан 25 немесе 27 есе құндырақ.
Намазды мешітте оқудың бөлек сауабы бар. Яғни мешітте намаз оқу үйде оқудан сауаптырақ. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үйде оқылған намазға бір сауап, ауладағы мешітте жиырма бес сауап, жұма намазы оқылатын үлкен мешітте бес жүз сауап, Мәсжид-и Ақсада бес мың сауап, Мәдинадағы осы мешітімде елу мың сауап, Мәсжид-и Харамда (қағбада) жүз мың сауап бар». (Ибн Мажа).
«Үйі мешіттен алыс болған адамның (әр қадамына сауап берілгендіктен) сауабы көбірек». (Бұхари).
«Құптан мен таң намаздарын жамағатпен оқу мұнафықтарға ауыр келеді. Егер мұндағы сауапты білгенде, олар сүрініп болса да жамағатқа келетін еді. Намазға келмейтіндердің үйлерін құлатқым келді». (Бұхари).
«Кімде-кім қырық күн таң намазының алғашқы тәкбіріне үлгерсе, оған екі құжат жазылады: тозақтан құтылу құжаты және мұнафық болудан амандық құжаты». (Әбушшәйх).
Әмир-ул мүминин хазреті Омар (радиаллаһу анһ) бір күні таң намазын жамағатпен оқыған соң мешіттегілерге қарап, араларында біреуді көрмеген кезде «Пәленшені араларыңда көрмей тұрмын» деді. Жамағат «Ол түні бойы таңға дейін ғибадат етеді. Бәлкім қазір ұйықтап қалған болар» деді. Сонда әмир-ул мүминин «Әттең, түні бойы ұйықтап, таң намазын жамағатпен оқығанда, жақсырақ болар еді» деді.
Дін ғұламалары айтады: «Мешіттер – Аллаһу та'аланың үйі. Әр адам қонағын өз шамасына, өз мүмкіндігіне, өз жағдайына қарай күтеді. Аллаһу та'ала «Менің үйіме келген адамды мен өзіме тән күйде, маған лайықты түрде күтемін» дейді».