Untitled Document

Жалғасы... Буллинг дегеніміз не? (2)

Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін.

Мүгедектігі бар адамға қарсы буллинг. Мүгедектігі бар немесе аутизммен ауыратын адамдар да буллингке жиі ұшырайды. Мұқатушы мұндай адамды денесіндегі ерекшелігіне бола кемсіте береді.

Жыныс ориентациясына байланысты буллинг. Адамды жыныс ориентациясына байланысты қорлау, жағымсыз сөз айту, ұрып кету де буллингке жатады. Бұл жерде жәбірленуші көбіне топ адамның кемсітуіне ұшырайды.

Заңмен қорқыту. Заңды буллингке адамды бақылауда ұстау немесе жазалау үшін сот құралдарын қолдану кіреді. Қорқытудың мұндай түрін жасайтындар көбіне ұзаққа созылатын сот процестерінің басталуына себеп болады. Осылайша буллинг жасаушы құрбанды өзіне бағынышты қылуға, қорқытып-үркітіп отыруға тырысады.

Әскердегі буллинг. Әскердегі ұру, мұқатып-кекету де буллингке жатады.

Жыныстық буллинг. Буллингтің мұндай түрінде адам өзгені қорқыту үшін оны зорлау арқылы күш көрсетеді.

Ата-ананың баланы қорқытуы. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.