Untitled Document

Сұхбат... Иманмен жан тапсыру үшін не істеу керек?

Ұлы Раббымыз бәрімізді жәннатына шақыруда. Мұның жалғыз шарты осы өмірде иман келтіру және соңғы демде иманмен жан тапсыру. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Соңғы сөзі «Лә илаһа иллаллаһ» болған адам міндетті түрде жәннатқа кіреді» деген. Жәннат ғибадаттың марапаты емес, Аллаһтың сыйы және мұның жалғыз шарты – иманмен жан тапсыру. Иманы жоқ адам жәннатқа кіре алмайды. Оның себебіне жүгіну қажет. Иманмен өлуге себеп болатын амалдардың бірі – баршаға әрдайым жақсылық жасау және оларға әр уақытта көмектесіп пайдалы болу. Қайырымдылық пен жақсылық жасауда ысырап болмайды. Жақсылық жасағанда күн және ағын су секілді болу керек. Адам-жануар, дінді-дінсіз баршаға жақсылық жасау қажет және бәрінің алдында күлімдеп, жылы жүзді, сыпайы болу керек. Осылай өмір сүру иманмен қайтыс болуға себеп болады. Осы себептен де асыл дініміз жомарт болуды аса мақтаған. Бір хадис шәрифте:

«Жомарттық – тамыры жәннатта болған ағаштың бұтағы секілді. Оны жәннатқа апарады. Ал сараңдық – тамыры тозақта болған ағаштың бұтағы секілді. Оны тозаққа сүйрейді» деген.

Мұсылман адал болады, ешкімге опасыздық жасамайды. Өмірімізде қиын күндер де, жақсы күндер де өтіп жатыр. Барлығының ақыры бір. Дерт пен қиыншылықтың ауыртпалығына сабыр еткен адам марапатын алады және бұл сабыры жәннатта оның сансыз, шексіз ниғметтерге бөленуіне себеп болады. Дүниенің өмірі тек қиял ғана.

Ұлы Раббымыз жасаған жақсылықтардың марапатын жәннатта міндетті түрде береді. Тіпті кәпірлердің жасаған жақсылықтары соңғы демінде иманмен өлуіне, осылайша жәннатқа кіруіне себеп болуы мүмкін. Ал мұсылмандардың зұлымдық пен жамандық жасауы соңғы демінде имансыз кетуіне себеп болады. Мұсылман – бәрінің разылығын, дұғасын ала білген адам.