Untitled Document

Жалғасы... Әкенің өкініші (2)

Жұмыс бөлмемде газет оқып отырғанда бөлмеге келгенің есіңде ме? Газеттен көзімді алып, маған кедергі келтірдің дегендей ашулы көзбен қараған кезімде, не істеріңді белмей кіре-берісте тұрып қалып едіңғой. «Саған не керек?» деп дөрекі сұраған едім. Сен жауап бермедің, жүгіріп келіп мойныма асылдың да, бетімнен сүйіп алдың. Сенің қолың мойнымды махаббатпен қысып құшақтап тұр еді. Жаратқан тарапынан жүрегіңе орналастырылған бұл махаббатты менің саған деген ұнамсыз қарым-қатынасым да жоя алмап еді. Одан кейін аяғыңды баяу басып, бөлмеден шығып кеттің.

Міне, осыдан кейін, ұлым, газет қолымнан түсіп, мені түсініксіз қорқыныш сезім баурады. Менің дағдыларым мені қандай жағдайға түсірген? Кінәлау, мін іздеу әдетім сенің кішкентай бала екеніңді ұмыттырып жіберіпті. «Сені жақсы көрмедім» деп айта алмаймын. Басты проблема сенен өте көп нәрсе күтуім және өзімнің жасыма сай талаптар қоюым еді.

Ал сенің бойыңда өте тамаша, керемет мінездерің көп. Кіп-кішкентай жүрегің мейірімге толы. Бұны мен ұйқыға кетер алдында мойныма асылып, бетімнен сүйген кезіңде байқадым.

Мен сенің төсегіңе қараңғыда, ешкімге көрінбей, жасырын келдім. Алдыңа тізе бүгіп отырмын. Бұл менің айыбымды жуу әрекетім десе де болады. Бұның бәрін сен ояу кезде айтсам, бұларды түсіне алмайтыныңды білемін. Бірақ ертеңнен бастап мен НАҒЫЗ ӘКЕ боламын! Мен сенімен достасып, бірге ойнаймын. Сен қайғырғанда бірге қайғырып, қуанғанда бірге қуанамын. Аузымнан сені кінәлайтын, ұнамсыз сөз шығарда тілімді тістесем де өзімді тоқтатамын. Әрқашан өзіме ант беру секілді «Ол кішкентай балағой» деген сөзді жиі қайталайтын боламын.

Мен саған үлкен жігіт секілді қараппын. Ал қазір саған қарасам, сенің әлі кішкентай бала екеніңді байқадым. Кеше ғана анаңның құшағында сәби едіңғой, мен сенен көп нәрсе талап еткен екенмін.»

Аударған: Е.Ертайұлы