Untitled Document

Отбасы... Әкенің өкініші (1)

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға дауыс көтергіңіз келген кезде оқыңыз.

«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш қана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың, нанға майды өте баяу жақтың т.б».

Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен пойызға асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып, қолыңды бұлғап: «Әкешім, сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім.

Сонымен, жұмыс күнінің аяғында бәрі қайта басталды. Үйге келе жатып, жерге тізерлеп отырып алып шармен ойнап отырғаныңды байқадым. Сенің шұлықтарың жыртылып қалған екен. Сені алдыма салып алып үйге әкелу арқылы жолдастарыңның алдында ұятқа қалдырдым. Шұлық бағалы еді, егер сен оны өз ақшаңа сатып алғаныңда, сен абай болар едің!

жалғасы ертең...