Сұхбат... Уақийа сүресінің қасиеті
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Кімде-кім Уақийа сүресін әр түні бір рет оқуды әдетке айналдырса, өмірінде кедейлік көрмейді.»
«Уақийа сүресі – бай болу сүресі. Оны оқыңдар және әйелдеріңе, балаларыңа үйретіңдер.»
Бір күні хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһ алейһиссаламға «Йа Расулаллаһ, шаштарыңыз ағара бастапты ғой» деген еді. Бұған сүйікті пайғамбарымыз былай жауап берді:
«Шаш пен сақалымды Худ, Уақийа және Мурсаләт сүрелері ағартты.»
Расулуллаһ алейһиссаламның бұлай айтуының себебі – қиямет жағдайлары, бұрыңғы қауымдар ұшыраған жағдайларды ойлауы және үмметі үшін қайғыруы еді.
Абдуллаһ бин Мәсуд хазреттері көздерін ашып былай деді:
«Оларға Уақийа сүресін қалдырамын. Бұл сүрені оқып жүрген адам мүлдем кедейлік көрмейді.»
(Уақийа сүресі Құран кәрімнің 533-536 беттерінің арасында)
Дұғалар және шипалар
Аурудың жағдайына байланысты ем дәрімен, садақа берумен және дұғамен жасалады. Шипаны беретін тек қана Аллаһу та'ала. Құран кәрімде былай делінеді:
«Ибраһим «ауруыма тек қана Ол шипа береді» деді.» (Шуара 80)
«Құран кәрім мүминдерге шипа және мейірім.» (Исра 82)
Хадис шәрифтерде де былай делінген:
«Негізгі дауа – Құран». (Ибн Наср)
«Фатиха мен Аят-ул күрсиді оқыған адамға сол күні назар тимейді». (Дәйләми)
«Лә илаһа иллә әнтә субханака инни кунту минәз-залимин деп оқыған адам дерт пен бәле-жаладан құтылады». (Хаким) (40 рет оқыған жақсы болады).
«Таңертең-кешке Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін үш реттен оқы! Олар бүкіл бәле-жаланы, апаттарды, қиыншылықтарды және қаламайтын нәрселеріңді кетіреді». (Тирмизи)