Untitled Document

Сұхбат... Дұға босқа кетпейді

Сұрақ: Аллаһу та'ала Мүмин сүресінің 60-аятында «Дұға етіңдер, қабыл етейін» деген. Бірақ, менің дұғаларым босқа кетіп жатыр. Мұның себебі не болуы мүмкін?

Жауап: Ешқандай дұға босқа кетпейді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Раббыларың әлбетте хая (ұяттылық) және ұлылық иесі. Құлдары алақан жайып бірнәрсе тілегенде, олардың қолдарын бос қайтарудан ұялады» (Тирмизи, Әбу Дауд) 

«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: Ей адам баласы, маған серік қоспай құлшылық етсең, істеген амалыңның сияпатын беремін. Дұға ету сенен, қабыл етіп, беру Менен» (Табарани) 

Аллаһу та'ала: «Дұғаларыңды қабыл етемін, қолдарыңды бос қайтармаймын» деп бұйырған. Демек, біздің тілеген дұғаларымыз босқа кетпейді. Кітаптарда былай делінеді: Дұғаның арқасында күнәлар кешіріледі немесе бір бәленің алды алынады немесе келген бәле кетеді немесе ақыретте мол сауапқа қауышылады. (Шира)

Демек, дұғаның арқасында күнәларымыз кешіріледі, келетін бір ауру, бәле-жала бар болса, қайтарылады, келген бәле немесе дертіміз болса, олар кетеді немесе мол сауапқа қауышады екенбіз.  Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дұға еткен адам үш нәрседен құр қалмайды: Күнәсі кешіріледі немесе дұғасының қайырлы нәтижесін (сияпатын) көреді немесе ақыретте марапатқа ие болады» (Дәйләми) 

«Құл бір рет дұға еткенде, тілеген нәрсесі орындалмаса оған бір хасәнә (сауап) жазылады» (Дара Қутни) 

Дұғаның кешігетіні де болады. Оның да хикметтері бар. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылман дұға еткен кезде Аллаһу та'ала Жәбрейіл алейһиссаламаға: “Тілегенін дереу орындама, мен оның даусын жақсы көремін” деп бұйырады. Күнәһар дұға еткенде: “Бұның тілегін дереу орында, мен оның даусын жек көремін” деп бұйырады». (Ибн Нәжжар).