Untitled Document

Сұхбат... Ауырғанда оқылатын дұғалар

Хадис шәрифте былай бұйырылды: “Қиямет күні дәптерінде көп истиғфар (әстағфируллаһ) болған адамға сүйінші болсын!” Өлімнен басқа барлық дерттерден құтқарады және ризықты арттырады. Ажалы келген адамға аурусыз, қиналмай жан тапсыруына көмектеседі.

Хадис шәрифте былай деп бұйырылды: “«Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.” Бұған “тәмжид кәлимасы” деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.

“Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм” кәлимасын оқу жүйке ауруларына және бүкіл ауруларға жақсы келеді.

“Фатиха”, “Аят әл-Курси” және “төрт Қул” (Яғни Кәфирун, Ихлас, Фәләқ, Нас) сүрелерін 7-реттен оқып ауру кісінің үстіне үрлейтін болса, бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.

Көз тиген адамға, Пайғамбарымыз білдірген мына дұғаны оқу керек: “Ә’узу бикәлимәтиттәммәти мин шәрри кулли шәйтанин уә хәммәтин уә мин шәрри кулли аинин ләммәтин.” Бұл дұғаны күнде таңертең және кешке 3-рет оқып өзінің үстіне немесе жанындағылардың үстіне үрлесе, көз тиюден және шайтандардың және жануарлардың зиянынан қорғалады.

«Мәуәхиби ләдунийә» кітабының екінші томында былай делінеді: Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» үш түрлі дәрі қолданатын. Құран кәрім немесе дұға оқитын. Ғылыми жолмен табылған дәрілерді де қолданатын. «Құран кәрімнен шипа күтпеген адамға шипа нәсіп етпейді» дейтін. «Фатиха» сүресін оқудың ауруларға шипа екенін білдіретін хадис шәрифтер «Бәйдәуи» және «Чәрхи» тәфсирлерінде және Сәнауллаһи Дәхләуидің (рахметуллаһи алейһ) жазған «Тәфсири Мазһәри» кітабында жазылған.