Untitled Document

Мақала... Мерседес атауының тарихы

Адриана Мануэла Рамона Еллинек Австриада 1889 ж еврей отбасында дүниеге келді.Оны үйде Мерседес деп атайтын. Испан тілінен аударғанда «мейірім, рақым» ал, латын тілінен «сыйлық, мейірімділік» деген мағынаны беретін. Адриананың анасы мароккода өсті, көршілерінің көпшілігі испандық болғанықтан Мерседес деген есімге қатты қызығатын. Адриана жас кезінен автокөлікке емес ән айту мен әуенге қызығатын.

Адриананың әкесі Эмиль Венадағы белгілі кәсіпкер дипломат еді. 1890 жылы инжинер-конструктор Готлиб Даймлермен және авто-конструктор кәсіпкер Вильгельм Майбахпен танысты. Эмиль Даймлер мен Майбах құрастырған өздігінен жүретін дөңгелектерден жақсы табыс табу мүмкіндігін көрді. Ол Ниццада осы көліктердің сатылуын тез жолға қойды.

Осылай Эмиль Франциядағы «Даймлер» автокөлік фирмасының өкілі болды. Австро-Венгриядағы елшілік қызметте «мьсе Мерседес» есіміміен қызметтер жасады.

Сөйтіп ол машинаны сынап қана қоймай, сәтті маркетингтік қадам жасады: Францияда Daimler автокөліктеріне қызығушылық танытты. Осы «жарнамалық науқаннан» кейін Еллинек Даймлерге жақсы мәміле ұсынды: ол одан 36 автокөлікке тапсырыс берді (ол кезде бұл өте үлкен тапсырыс), бірақ шарт қойды: олар «Мерседес» атауымен сатылады және Брендтің Австрия-Венгрия, Франция және АҚШ-тағы сату өкілі Эмиль Еллинек болады. Мәміле жасалып, екі тарапқа да жақсы дивидендтер әкелді.

Daimler автомобильдері жақсы сатылды және сатып алушылар оларды шығаратын компанияның атын білетініне қарамастан, көп ұзамай барлығы оларды тек «Мерседес» деп атай бастады. Сондықтан 1902 жылдан бастап акционерлер кеңесінің шешімімен автомобиль «Daimler-Mercedes» ресми атауын алды, сол жылы Mercedes сауда белгісі патенттелді, ал 35 H.P. моделінің тұсаукесері Париждегі көрмеде өтті. Көліктің жанында Эмильдің қызының үлкен портреті ілулі тұрған. 1926 жылы Daimler және Benz деген екі автомобиль корпорациясы біріккеннен кейін көлік Mercedes-Benz деп аталды.