Untitled Document

Сұхбат... Ясин сүресінің пайдалары

Хадис шәрифте былай делінген:

«Құран кәрімде бір сүре бар, оған Аллаһ дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді. Бұл сүре – Ясин сүресі.»

Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.

7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.

9) Киімі болмаған адам киім табады.

10) Жоғалған нәрсе табылады.

Бірақ осыған ниет етіп және сеніп оқу керек.

Имам Шарани былай деген:

«Ауруымнан жазылсам немесе пәлен жұмысым жүріп кетсе, сауабын хазіреті Сәйидәт Нәфисаға бағыштау ниетімен үш Ясин сүресін оқу немесе бір қой сою нәзірім (атағаным) болсын десе, осы тілегінің қабыл болатындығы көп рет тәжірибе етілген.»

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әр түні Ясин сүресін оқуды әдет қылып, сол жағдайында қайтыс болған адам шәһид болады.»

«Шайтандар Ясин сүресінен, Хашр сүресінің соңғы бөлімінен және Муаууизәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерінен қашады.»

«Жанында Ясин сүресі оқылған науқас суға қанған күйде жан тәсілім және тойған күйде қабірге кіреді.»

«Жұма түндері Ясин сүресін оқыған адам таңды Аллаһу та'аланың кешіріміне қауышқан күйде қарсы алады.»