Untitled Document

Сұхбат... Ислам ілімдері

Ислам ілімдері “Улуми нақлийа” (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және “Улуми ақлийа” (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлийа яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, “Улуми алийа” (жоғары ілімдер) және “Улуми ибтидаийа” құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз:

1) “Тәфсир” ілімі.

 2) “Усули кәлам” ілімі. Кәлам ілімінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйрететін ілім. Бұл ілім “Хадиқа” кітабында кеңінен түсіндірілген.

3) “Кәлам” ілімі. Шәһадат кәлимасы және бұған байланысты болған иманның алты негізін үйрететін ілім.

4) “Усули хадис” ілімі. Хадис шәрифтердің түрлерін үйрететін ілім.

5) “Хадис” ілімі. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” әф’ал, ақуал және ахуалын үйретеді.

6) “Усули фиқһ” ілімі. Фиқһ ілімдерінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйретеді. “Мәнар” атты усул кітабы мәшһүр.

7) “Фиқһ” ілімі. Мүкәлләф мұсылмандардың міндеттерін үйретеді. Яғни денемен жасалуы және сақтануы керекті әмірлермен тыйымдарды және мубахтарды үйретеді. Фиқһ ілімі төртке бөлінеді: ғибадат, мунәкәхат, муамелат және уқубат.

8) “Тасаууф” ілімі. Көңілмен (жүрекпен) жасалуы және сақтануы керек болған нәрселерді және көңілдің, рухтың тазаруының жолдарын үйретеді. Бұған “Ахлақ ілімі” немесе “Ихлас ілімі” деп те айтылады.

         Бұл сегіз ілімнен кәлам, фиқһ және ахлақ ілімдерін қажетті мөлшерде үйрену және бала-шағаға үйрету әрбір мұсылманға парыз айн болып табылады.