Untitled Document

Сұхбат... Салман Фариси (радиаллаһу анһ)

Салман Фариси хазреттері Асхаби кирамның ұлыларынан және әйгілілерінен. Әһли бәйттен саналған. Адамдарды Хаққа шақырған, дұрыс жолды көрсетіп, бақытқа қауыштырған және Силсилә-и алийа деп аталатын ұлы ғалым және әулиелердің екіншісі.

Хандек соғысынан бастап бүкіл соғыстарға қатысты. Бәдір және Ухуд соғысынан кейін Мәдинаға қарай үшінші рет шабуылдаған мүшриктерге қарсы қалай қорғану керектігі жайында ақылдасу шаралары жүргізіліп жатқан болатын. Бүкіл мүшриктер бірігіп шабуылдаған бұл соғыста Салман Фариси Расулуллаһқа арық қазу жолымен қорғаныс жасау әдісін айтқан еді. Оның осы ұсынысы қабылданып, арық қазылды. Осы себеппен бұл соғыс Хандек (арық) соғысы деп аталды

Хандек соғысындағы қайсарлығы мен қызметінің себебімен сүйікті пайғамбарымыз оған «Салман-ул Хайр», яғни «Қайырлы Салман» деген.

Асхаби кирам да оны қатты жақсы көріп, құрметтейтін. Салман Фариси хазреттері дүниелікке еш мән бермейтін еді. Өзіне келген барлық дүниелік мал-мүлікті Аллаһ разылығы үшін таратып жіберетін. Түрегеп тұра алмайтын жағдайға келгенге дейін намаз оқып, денесі шаршаған кезде отырып, тілімен зікір ететін болған. Біраз демалғаннан соң «Ей, нәпсім, сен жақсылап демалып алдың. Енді тұр, Аллаһу та'алаға ғибадат жаса», ал тіліне «Ей, тілім, сен де Аллаһу та'аланы зікір етуді баста» дейтін еді.

Салман Фариси хазреттерінің құнды насихаттарынан кейбірлері:

«Ілім көп, бірақ өмір қысқа. Олай болса, алдымен дінде зәру қажет болған ілімдерді үйрен!», «Сендер мүмкін болғанша таңертең базарға алғашқы барған және кешке ең соңғы қайтқан болмаңдар. Өйткені бұл екі уақыт – шайтандардың соғыс ететін уақыты», «Намаз – өлшеу құралы. Кімде-кім толығымен өлшеп, оны ақысын беріп оқыса, үлкен сауап пен қайтарымын алады. Кімде-кім кем өлшесе (әдебіне сай оқымаса) Аллаһу та'ала айтқан Уәйлді (тозақты) есіне түсірсін».