Денсаулық... Йодтың қажеттілігі
Йод гормондардың синтезіне қатысатын және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын жалғыз микроэлемент. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, 1,5 миллиардқа жуық адам осы элементтің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр.
Адамға 1 тәулікте 100-200 микрограмм йод жеткілікті. Ағзада 20-50 мг ғана йод бар, оның 60%-ы қалқанша безде, 40%-ы бұлшықеттерде, анабезде және қанда болады. Денедегі мөлшері аз болғандығымен, бұл микроэлементсіз салауатты өмір сүру мүмкін емес. Оның жетіспеушілігі адам денсаулығына теріс әсер етеді.
Йод – адамның қалыпты өсуіне және дамуына қажетті микроэлемент. Ол организмге түскеннен кейін қалқанша безге жиналып, тироксин мен трийодтиронин сияқты гормондардың құрамдас бөлігіне айналады. Бұл гормондар – ағзадағы зат алмасу процесін реттеп, барлық органдар мен жүйелердің жұмысына қатысады.
Йод келесі процесстерді реттейді:
- энергетикалық алмасу, дене температурасы;
- биохимиялық реакциялардың жылдамдығы;
- ақуыз бен майлар алмасуы;
- бірқатар витаминдердің метаболизмі;
- қан қысымын арттыру.
Йод жетіспеушілігінің салдары мынадай:
- қалқанша безінің ұлғаюы және эндемиялық жемсаудың пайда болуы;
- қалқанша безі қызметінің бұзылуы;
- холестериннің жоғарылауы;
- кретинизмнің дамуы, баланың физикалық және психикалық жағынан баяу дамуы.
Негізгі көздері:
- барлық теңіз өнімдері: балықтар
- көкөністер: баялды, пияз, сарымсақ, қасқыржем, асжапырақ, қызылша, сәбіз, картоп, шалғам; жарма, сүт, жұмыртқа, май, сиыр еті;
- жеміс-жидектер, цитрус жемістері, құрма, ананас, банан, жүзім, қауын.