Untitled Document

Мереке ... Айт мерекесі (2)

Бұл күні рамазан біткендігі үшін емес, күнәларымыз кешірілгендіктен, үлкен сауап пен ниғметке қауышқанымыз үшін мерекелейміз.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Айт күні таңертең мұсылмандар намазға мешіттерге жиналғанда Аллаһу та’ала  періштелерге “Ісін орындап бітіргеннің сыйлығы не болмақ?” деп сұрайды. Періштелер “Ақысын беру” дейді. Аллаһу та’ала “Сендер куә болыңдар, рамазандағы оразалары мен намаздары үшін сыйлық ретінде құлдарыма өз ризалығым мен кешірімімді бердім. Ей, құлдарым, бүгін менен тілеңдер, құдіретім мен ұлылығымның құрметіне қалағандарыңды беремін” дейді».

Пайғамбарымыз: «Рамазанның соңғы күні Аллаһу та’ала ораза тұтқандарды молынан кешіреді» дегенде сахабалар «Йа расулаллаһ, ол күн қадір түні ме?» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Білмейсіңдер ме, істі орындаған адамға істі бітірген соң ақысы беріледі», деді.

Осыларды білетін мұсылман қалайша қуанбайды, қалайша мерекелемейді? Мереке күндері қуану, шаттану керек.

Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала  рамазанда төрт топ адамнан басқа барлық адамның күнәсін кешіреді. Олар арақ ішетіндер, ата-анасына қарсы шығатындар, ата-анасымен, туыстарымен араласпайтындар, мұсылман болудан үмітін үзгендер» деп ескертілген. Егер бұлар тәубе етсе, Аллаһу та’ала олардың күнәларын кешіреді.

Күнәлардан сақтанып, ораза тұтқандар қандай бақытты. Олар нағыз мерекені ахиретте тойлайды.

Түркістан күнтізбесі барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтайды!