Untitled Document

Айтқа дайындық Айт мерекесі (1)

Ертең мұсылмандардың Ораза айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:

1) Ерте тұру. 2) Ғұсыл алу. 3) Мисуак қолдану. 4) Хош иіс себу. 5) Жаңа  және таза киім кию. 6) Араздарды татуластыру. 7) Қабірлерді зиярат ету. 8) Жүзік тағу. 9) Жылы жүзді болу. 10) Мешітке ерте бару. 11)Мешітке бара жатқанда жай дауыспен тәкбір айту. 12) Мұсылмандарға сәлем беру. 13) Мұсылмандарды құттықтау. 14) Кедейлерге садақа беру. 15) Туыстарды көруге бару. 16) Діндес бауырларымен араласу. 17) Сыйлық апару. 18) Қонақтарды күту. 19) Көп дұға оқу, тәубе ету.

Айт намазы қалай оқылады?

Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Жамағатпен бірге оқылады. Бірінші рәкатта субханаллаһи дұғасынан кейін әр қайсында бөлек тәкбирмен қолды үш рет құлаққа көтеріп, бірінші мен екіншісінде қол екі жаққа түсіріледі. Үшіншісінде кіндік астында байлайды. Фатиха мен зәм сүре оқылып, руку мен сәжде жасалады. Екінші рәкатта тұрып, фатиха мен зәм сүрелерін оқығаннан кейін екі қолды тағы да үш рет «Аллаһу әкбар» деп құлаққа көтереді. Үш тәкбирде де екі қолды жанына түсіреді. Төртінші тәкбірде қолды көтермей, руку жасайды. Сәжде жасап, отырғаннан кейін сәлем беріледі.

Екі рәкатта неше рет қолды құлаққа апару керектігі оңай есте қалуы үшін  «екі таста бір байла, үш таста бір еңкей» деп жаттап алынады.