Untitled Document

Ғибратты оқиға... Дәретсіз емізген сүт!

«Мұхаммедие» кітабының авторы Языжыоғлы Мұхаммед Эфенди Эдирне мен Галлиполи төңірегінде өмір сүрген. Бұл құрметті адамның Ахмед Бижан деген інісі бар еді.

Ахмед Бижан бір күні мешітте уағыз айтып жатқанда, үлкен ағасы Мұхаммед Языжыоғлу мешітке кіріп, інісінің уағызын тыңдай бастады. Бірақ ағасы сәл отырған соң мешіттен күлімсіреп шығып кетті. Мінберде уағыз айтып отырған Ахмед Бижан, ағасының жағдайын түсіне алмай, кешке үйге келгенде анасына болған жағдайды айтып, мән-жайды білуін өтінді. Үлкен ұлы Мұхаммед үйге келгенде, анасы: "Балам інің мешіттен неге күліп шыққаныңды білгісі келеді, әлде уағызды қате айттым ба дейді. Неге ініңнің сабағынан күліп шықтың?", - деп сұрайды. Ол былай деп жауап берді:

«Анашым, мен інімнің уағызына күлмедім. Оның уағызын тыңдауға қанша періште келді, отырарға жер таппай, бірінің үстіне бірі шығып отырды, маған олардың қалпы ұнап, күліп жібердім. Сондықтан мен мешітте отыратын орын болмағандықтан сыртқа шығып кеттім», - дейді.

Анасы ағасының бұл сөздерін айтқанда Ахмед Бижан қатты ренжіп: «Анашым, менің ағам періштелерді көреді, ал мен неге көрмеймін? Сіз одан бұл туралы сұрайсыз ба?», - деп өтінеді. Інісінің сұрағына баласы, «Бұл жағдайды сіз менен жақсырақ білесіз», дейді. Анасы сәл ойланып отырып:

«Балам, мен сені дәретсіз емізген емеспін. Ал Ахмет болса, ол әлі сәби еді, мен намаз оқуға тұрғанда Ахмет қатты жылай бастады. Бұл кезде үйде көрші әйел болатын. Бала жыламасын деп Ахметті алып, емізе бастады. Мен дереу намазымды оқып болып, қолынан Ахмедті алдым. Содан мен ол әйелден дәретің бар ма деп сұрадым, ол маған дәретсіз екенін айтты. Ахмедтің періштелерді көре алмауының себебі осы болса керек», деді.