Untitled Document

Мақала... Дзюдошы Мұхаммед Али Равшан

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында татамиге екі қарсылас шықты – жапондық Яхуширо Ямашита мен мысырлық Мұхаммед Али Равшан. Жапондық дзюдошы жарақат алған еді – оң аяғын әрең қозғалтты. Бүкіл жекпе-жек бойы жаттықтырушы Равшанға жапон спортшысының оң аяғынан теуіп құлататын болса жеңіс уысында болатынын айтты.  Алайда Равшан мұндай іске бармай, жол беріп жеңіліп күміс медальді иеленді.

Журналистердің «Неліктен қолайлы тәсілді пайдаланбадың?» деген сұрағына Мұхаммед Равшан,  дініміз жараланғандарды және мүгедектерді, әсіресе ауырған жерін ұруға тыйым салатынын айтты. «Егер мен оның жаралы аяғына ұрсам, ол мүгедек болып қалуы мүмкін еді. Тіпті алтын медаль үшін мен ондай қадамға бармас едім », - деді спортшы. Оның мұндай жауабын қалың көрермен қол соғумен қарсы алды. Ал «Халықаралық адал ойын комитеті» оған «Жыл спортшысы» сыйлығын берді. Равшан кейін Жапонияға барғанда оны патша секілді құрметтеп күтіп алды. Мұхаммед Равшанның бұл әрекетінен хабардар болған дүние жүзіндегі мыңдаған адамдар исламды дінін қабылдаған еді.

Әдеп-ахлақ...Мақтану адамның қадірін түсіреді

Адам өзін-өзі мақтай бастаса қадірі түседі. Өйткені пайғамбарымыз: «Мақталуды, мадақталуды жақсы көру адамды соқыр, әрі керең етеді. Енді ол өз айыптарын, кемшіліктерін көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, өзіне айтылған насихаттарды естімейтін болады» деген.

Ислам ғалымдары мақталуды жақсы көрудің көңіл (жүрек) ауруы екенін білдірген және оны емдеу жолдарын да көрсеткен. Мақталуды жақсы көрудің себебі – адамның өз-өзін ұнатуы, өзін басқалардан үстем, жоғары, жақсы адаммын деп санауы. Мұндай адамдарға мақтаулар ләззатты, ұнамды келеді. Уәһб бин Мунәббих хазреттері: «Мұнафықтың ерекшеліктерінің екеуі – мақталуды жақсы көру, ал басқаларды кемсітуді, қорлауды ұнату» деген.