Untitled Document

Рамазан сұхбаты ... Қадір түні

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти кәримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы» делінді. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та’аланың дәргейінде ең қадірлі түн - қадір түні».

«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатм етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық».

«Ғибадат үшін ең жақсы түн қадір түні. Ең қорқынышты түн қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын».

Пайғамбарымыз қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фафу анни» дұғасын оқуды айтқан. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімшілсің. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешір».

Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намазды оқу керек, Құран кәрім оқу қажет, дұға және тәубе жасау керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштау сауап іс.

Кәффарат намазы

Бұл намаз екінтінің​ сүннеті сияқты төрт рәкат оқылады. «Қазаға қалған және қазасын кешіктірген намаздарының күнәларының кешірілуі үшін кәффарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Оның айырмашылығы әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін 1 Аятәл күрси және 10 Кәусар сүресі оқылады. Екі рәкаттан кейінгі отырыста әттахият, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик оқылып үшінші рәкатқа тұрады. Үшінші рәкатты сүбханакәмен бастайды. Ал басқа жерлері бірдей. Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады. Кәффарат намазы және мүбәрәк уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар, қаза болған парыз намаздардың күнәларының кешірілуі мақсатымен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін болып табылады.