Untitled Document

Күлімдейік... Физиктердің өмірінен қызықты оқиғалар

Әйгілі физик Петр Капица Қара теңізге өзінің әріптестерімен демалысқа барыпты. Олар жолдан пластик қақпағы бар бірнеше бөтелке сусын сатып алады. Қақпақты тек пышақпен ашуға болатын. Бірақ физиктердің ешқайсысында пышақ жоқ болып шығады.

Абдырап, аша алмай тұрғанда жандарынан бір кісі өтеді. Физиктердің бірі:

— Кешіріңіз, бөтелкені ашатын бірдеңеңіз бар ма?, - дейді. Өтіп бара жатқан масаңдау кісі тоқтап бұрылып, жайбарақат басып олардың жанына келеді. Пластик қақпағы бар, бөтелкені айналдырып қарап:

– Осыны да проблема деп тұрсыздар ма? Кімнің қалтасында оттық бар?, - деп сұрайды.

Абырой болғанда, ғалымдардың қалтасынан оттық табылады. Бейтаныс жігіт пластик қақпақты қыздырды. Біраз уақыттан кейін қызып, жұмсарған қақпақ оңай ашылады. Өз ісінен масаттанған бейтаныс, физика ғалымдарына қарап:

– Мектепте физиканы жақсы оқуларыңыз керек еді!, - деген екен.

***

Кибернетиканың әкесі Норберт Винер ұмытшақтығымен танымал еді.

Бір күні оның отбасы жаңа мекен-жайға көшкенде әйелі жұмыстан келгенде адасып қалмасын деп бір жапырақ қағазға жаңа мекен-жайды жазып, қалтасына салып жібереді. Жолда ол жаңа жұмысы туралы ойланып, қалтасындағы жаңа пәтерінің мекен-жайы жазылған қағаздың артқы жағына формула жаза бастайды. Біраз уақыттан кейін ойының қате екенін түсініп, қағазды лақтырып кетеді.

Кешке ол ештеңе болмағандай ескі мекен-жайына келеді. Бұл жерде ешкім тұрмайтынын білген ол абдырап көшеге шығады. Көшеде бір қызға көзі түсіп, оған келіп:

— Сен мені танитын шығарсың, профессор Винерманмын ғой. Менің отбасым жақында көшіп кетті, олардың қайда көшкенін білмейсің бе?, - деп сұрайды.

Сонда кішкентай қыз жымиып:

— Иә, білемін, әке! Анам мекен-жайды ұмытып кететініңізді біліп, сізді әкетуге мені жіберді, - деген екен.