Untitled Document

Жалғасы... Др.Беноист (Әли Салман) (француз) (2)

Христиандықта христиан дініне кірген кезде және діни рәсімдерде Иса алейһиссаламмен, тәңірмен бірлесе алу үшін поптың Исаның еті деп берген нанын жеу және қаны деп берген шарабын ішу сияқты рәсімдердің пұтқа табынатын алғашқы қауымдардың әдеті екенін көріп, оларды жек көретінмін. Менің позитивтік ғылымдармен көркейген ақылым мұндай балалық және шынайы дінге жараспайтын қисынсыз рәсімдерді түбегейлі қабылдамайтын. Екінші жағынан, Исламда бұлардың ешқайсысы жоқ болатын. Исламда тек ақиқат, сүйіспеншілік және тазалық бар еді.

Бұдан былай шешімімді қабылдадым. Мұсылман достарыма бардым да, мұсылман болу үшін не істеу керектігін сұрадым. Олар маған «Калима-и шаһадат» айтуды және оның мағынасын үйретті. Жоғарыда айтқанымдай, мұның жартысын, яғни «Тек бір Аллаһ бар» бөлімін мен мұсылман болмастан бұрын қабылдаған едім. Қалған «Мұхаммед алейһиссалам Оның расулы» деген бөлімін қабылдау да мүлдем қиын болмады. Содан соң Ислам діні туралы жазылған еңбектерді зерттей бастадым. Олардың ішінде Мелек Беннабидің өте тамаша еңбегі болған «Le Phene Coranique» кітабын оқыған кезімде Құран кәрімнің қандай керемет туынды екендігіне таң қала көз жеткіздім. Бұдан он төрт ғасыр бұрын түсірілген осы Аллаһ кітабында жазылғандар қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне толығымен сәйкес келуде. Әрі ғылым, әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық әс-әрекеттер тұрғысынан Құран кәрім тек бүгіннің емес, сондай-ақ ертеңгі күннің де кітабы.

1953 жылы 20 ақпанда Париж мешітіне барып, сол жерде мүфтидің және куәгерлердің алдында Ислам дінін ресми түрде қабылдап, Әли Салман есімін алдым.

Бұл жаңа дінімді өте жақсы көремін. Өте бақыттымын және жиі-жиі кәлима-и шаһадатты айтып, мағынасын ойлап, Ислам дініне деген иманымның қуаттылығын айқындаймын.

Islamdini.kz сайтынан