Untitled Document

Мұсылмандықты таңдағандар... Др.Беноист (Әли Салман) (француз) (1)

Мен дәрігермін және католик дінін қатты ұстанатын жанұядан шықтым. Алайда, дәрігерлікті мамандық ретінде таңдауым және позитивті, тәжірибелік, табиғи ғылымдармен шұғылдануым менде христиан дініне деген жек көрушілік сезімін тудырды. Діни тақырыптарда отбасымдағылармен бір пікірде емес едім. Иә, ұлы бір жаратушы бар және мен Оған, яғни Аллаһу та’алаға сенетінмін. Алайда, христиан дінінің, әсіресе католиктердің осы ұлы жаратушының қасына қосқан түрлі-түрлі оғаш құдайлар, ұлдар, қасиетті рухтар, Иса алейһиссаламның Аллаһтың ұлы екендігін дәлелдеу үшін ойдан шығарылған ақылға қонымсыз түсініктер, бірқатар бұзық сенімдер, әр түрлі рәсімдер мені Аллаһу та’алаға жақындатпай, керісінше Одан алыстататын еді.

Мен жалғыз бір Аллаһқа сенгенім үшін ешқашан үш тәңірлік сенімін қабылдамадым және ешқашан да Иса алейһиссаламды Аллаһтың баласы ретінде танымадым. Демек, мен Ислам дінін әлі танымай тұрып кәлима-и шаһадаттың жартысы болған «Лә илаһә иллаллаһ» бөлімін бұрыннан қабылдаған екенмін. Ислам дініне көңіл бөліп, Құран кәрімде кездестірген «Оларға айт: Аллаһу та’ала бір, туылмаған және тумайды және Оған ұқсайтын ешқандай болмыс жоқ» деген Ихлас сүресін оқыған кезімде, «Аллаһым, міне мен дәл осыған сенемін ғой» дедім және ішімнен шаттық сезіндім. Исламды терең зерттеудің өте маңызды екенін көрдім. Ислам дінін зерттеген сайын бұл діннің менің түсініктеріме толығымен сай екенін таң қалып байқадым. Ислам діні – дін адамдарын, тіпті пайғамбарларды (алейһимуссалауат) біз сияқты адамдар ретінде қабылдайды, оларға тәңірлік сипат бермейді. Әсіресе бір поптың күнәларды кешіре алатынын мүлдем қабылдамайды. Ислам дінінде ешқандай қате сенім, ақылға сыйымсыз үкім, түсініксіз мәселе жоқ еді. Ислам діні – дәл мен қалағанымдай қисынды дін еді. Католиктердің білдіргеніндей, адамның дүниеге күнәхар болып келетінін қабылдамайды.

Адамдарға рух пен дене тазалығын бұйырады. Медицинаның негізгі қағидасы болған тазалық – Ислам дінінде Аллаһу та’аланың әмірі. Ғибадатқа таза болып келуді бұйырады, мен мұндайды басқа ешбір діннен кездестірмедім.

жалғасы ертең...