Анашым, Аллаһ бізді көріп тұр!
Хазірет Омар халифат кезінде бір түнде Мәдина көшелерін кезіп, аралап жүреді. Қараңғы түнде өтіп бара жатқан үйден қатты дауыстарды естиді. Анасы қызына:
-Қызым, ертең сататын сүтке су араластыр!
– Анашым, халифа суды сүтке араластыруға тыйым салған жоқ па?
– Қызым, мына түнде халифа қайдан білсін, қазір төсегінде жатқан шығар.
- Анашым! Халифа ұйықтап жатыр дейсің, білмей қалады! Әр нәрсені білуші, көруші, әр нәрсеге қабілетті Аллаһу та’ала бізді көріп, жағдайымызды білуші! Біз алдауымызды адамдардан жасыра аламыз, ал бәрін білуші, көріп тұрған Аллаһтан оны қалай жасырасың?
Барлығын естіп тұрған Хазірет Омар бұл қыздың жақсы адамгершілігіне сүйсінген еді. Мұны әйеліне де айтты. Содан сол қызды ұлы Асымға үйлендірді. Асымның бұл әйелден қызы болды. Осы қыздан әділ халифалардың бірі Омар бин Абдулазиз дүниеге келген.
Оттың орына күл
Ұлы Сілсиле-и алийенің бірі Баязид Бистами екі қабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, басына бір шелек күл төгіледі. Төккен адам кешірім сұрап байқамай қалғанын айтады. Сонда Баязид Бистами хазреттері; «Құдайға шүкір, от төгілуі керек болған басқа күл төгілді. Оңай құтылдым», - деген екен.