Рамазан сұхбаты... Әйелдердің хайз күндерінде
Сұрақ: Бір әйел ақшамнан ертеңгі оразаға ниет етсе, ертеңіне хайзы басталса ол күні ораза ұстай ма?
Жауап: Хайз басталған кезде ораза бұзылған болады, ішіп-жей алады. Бірақ ораза ұстағандардың көз алдында ештеңе жемеу керек!
Сұрақ: Әйел түнде ниет еткен оразасын түсте бұзған болса, түстен кейін етеккір көрсе, қаза етуі қажет пе?
Жауап: Етеккір болмағанда каффарат (арасын үзбей 60 күн ораза ұстау) қажет болатын еді. Хайз болғаны үшін қаза (бір күн қаза ораза) керек. Бір адам оразасын бұзса, кейіннен ораза ұстай алмайтын дәрежеде аурып қалса да қаза керек.
Сұрақ: Хайзды әйелдің Рамазанда ораза ұстауы жаиз ба?
Жауап: Жоқ жаиз емес.
Сұрақ: Оразаның қазаға қалмауы үшін хайзды дәрімен кешіктіру жаиз ба?
Жауап: Иә, жаиз болады
Сұрақ: Қаза оразасын ұстаған күнімде етеккірім басталды. Етеккірім біткеннен кейін жартылай болып қалған оразам үшін бөлек тағы бір күн ұстауым керек пе?
Жауап: Одан бөлек ораза ұстамайсыз. Қаза оразаңыз жартылай қалды. Соны жаңадан ұстайсыз.
Сұрақ: Өзі Ханафи болған бірақ кейбір мәселелерде Маликиді тақлид ететін әйелдің қаншама айлардан бері хайз күндері әр уақытта 15 күнге жалғасады. 15 күн таза жүреді. Ханафиде хайздың ең ұзағы 10 күн деп қабылданған. Енді әлгі әйел хайзының 10 күнін өткізген соң әлі етеккірі жалғасып жатса да, ораза тұта алады ма?
Жауап: Оразада Малики тақлид етілмегені үшін, 10 күннен кейін оразасын ұстайды.