Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Ауызашар кезіндегі дұға

Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?

Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақтында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар». (Ибн Мажә)

«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды». (Тирмизи)

Мысалы мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып, «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.

Сұхбат...

Оразаға ниет

Бір күн бұрынғы «ақшам» уақытынан, яғни күн батқаннан ертеңіне ораза күнінің «дахуа» (бесіннен бір сағаттай бұрын) уақытына дейін Рамазан оразасына жүрекпен ниет ету парыз. Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады.

Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен басталған ораза сахих болмайды.