Рамазан сұхбаты .. Оразадан күтілетін пайдалар
Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән берілмесе тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу өте қиын.
Хадис шәрифте былай делінген: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды».
Оразадан күтілетін үлкен пайдаларға қол жеткізу үшін:
Көзді пайдасыз нәрселерге, харамға қараудан, жүректі жақсы нәрселерден тыятын жағдайлардан сақтау керек. Тілін жалған, өсек, арандатушы сөздерден сақтау қажет. Оразаның сауабын сақтау үшін тілді түрлі жамандықтардан қорғау керек. Хадис шәрифте былай делінген: «Ораза – барлық жамандықтардың қалқаны. Ораза тұтқан адам надандыққа салынып, жаман сөз айтпасын. Егер біреу онымен ұрысса, «Мен оразамын» деп жауап берсін».
Ғайбаттаған адаммен оны тыңдаған адам күнәға ортақ болатындықтан харам нәрселерді тыңдаудан құлақты сақтау керек.
Көзді, тілді, құлақты жамандықтардан қорғау секілді қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамдар мен күмәнді нәрселерден қорғау керек. Харам нәрсе жеуден сақтану керек.
Сәреде әр түрлі және күшті тамақтар жеуге болса да шектен тыс көп жеп, асқазанға ауырлық түсіру дұрыс емес. Ауыр жұмыс істемейтін адам аса көп жеп оразадан күтілген пайдадан құр қалмауы керек.
Ауызашарда «Тұтқан оразамыз қабыл болды ма екен?» деп ойланып, қорқу керек және оразаның қабыл болуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарыну керек. Рамазанда Аллаһтан көп кешірім сұрап, Құран кәрім оқу керек және дінін дұрыс жазылған ғылымхал кітаптарынан үйрену керек.
«Түркістан күнтізбесі» барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтайды!