Оқиға... Қате шешім!
Қытай төрағасы Мао Цзедунның тапсырмасына орай 1958-1962 жылдары Қытайда торғайларды жою жұмысы жүгізілді. Торғай ауыл шаруашылығы саласында басты зиянкес деп танылып, егіннің шықпай қалуына себепкер деп есептелді.
Сондықтан да 1958 жылы наурыз айынан бастап жалпыхалықтық торғайларды жою науқанына еңбектенген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысты. Торғайлар аспанда тоқтаусыз тек 15 минут қана ұша алатынын білген адамдар құстарды жерге қондырмауға тырысты. Ол үшін әр үй тұрғындары кезек-кезек шатырға шығып, қолдарына орамал алып торғайларды қондырмай тұруға міндеттелді. Ақырында әбден әлсіреген құстар жерге құлап тынып жатты.
Ал, мектеп оқушыларын сол жылы жаппай сабақтан босатып, олар талдар мен үйлердегі торғайлардың ұясын бұзуға жұмылдырылды. Ең көп торғай өлтірген оқушылар сол жылы мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды.
Нәтижесінде, Шанхай мен Пекин қалаларында үш күн ішінде миллионнан аса құстар жойылды. 1958 жылдың наурызынан сол жылдың қараша айына дейін созылған науқан барысында Қытайда 2 миллиардқа жуық торғай жойылды.
Дәл сол жылы торғайлардың көзі құртылып егістіктен жақсы өнім алдынды деген хабар тарайды. Бірақ, 1960 жылы егін мүлдем құрып кетеді. Басты себебі торғайлардың жойылғанынан кейін енді мұнда шегірткелер мен құрт-құмырсқалар қаптайды. Олар егістікті түгелімен жайпай бастайды. Астықтың жылдағыдан аз түсуінен Қытайда 30 миллионға жуық адам аштан өледі.
Араға екі жыл салып, 1962 жылы Мао Цзедунның торғайлармен күрес науқаны қате деп танылып, Қытайға Канада мен Ресейден торғайлар алдыруға тура келді.