Сұхбат... Құран оқылмайтын үйдің қайыры азаяды
Құран кәрім оқуды үйрену, үйрету және оқып тұру үлкен сауап. Ғұламаларымыз: «Бір үйде жатқа болса да Құран кәрім оқылмайтын болса, ол үй мазар сияқты болады» деген.
Хадис шәрифте айтылған: «Үйлеріңде Құран оқуды арттырыңдар! Құран оқылмайтын үйдің қайыры азаяды, жамандығы артады, сол үйдегілерге таршылық келеді».
Құранды кітапқа қарап оқудың сауабы жаттанды түрде оқудан көбірек. Ал намазда оқудың сауабы Құранға қарап оқудан да көп.
Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) былай деген:
«Намазда оқылған Құран кәрімнің әрбір әрпіне жүз сауап беріледі. Намаздан басқа уақытта дәретпен оқылса, әрбір әрпіне жиырма бес сауап, дәретсіз оқылса, он сауап беріледі. Жүріп бара жатқанда және жұмыс істеп жатқанда оқылса, сауабы одан да азырақ болады».
Білетін адамның мағынасын ойлап бір аят оқуы басқа нәрсені ойлап бүкіл Құранды хатым етуінен де сауаптырақ.
Имам Ғазали хазреттері айтқан:
«Құран кәрімді оқудан бұрын Аллаһу та'аланың ұлылығын, кімнің сөзі екенін ойлау керек. Құран кітапты ұстау үшін таза қол керек болғанындай, оны оқу үшін таза жүрек керек. Аллаһу та'аланың ұлылығын білмейтін адам Құран кәрімнің ұлылығын түсіне алмайды. Аллаһу та'аланың ұлылығын түсіну үшін Оның сипаттарын және жаратқандарын ойлау қажет. Бүкіл жаратылыстың иесінің, қожайынының сөзі екенін ойлап отырып оқу керек. Оқыған кезде басқа нәрселер ойламауға тырысқан жөн».