Untitled Document

Жалғасы... Ресей мен Украина арасындағы соғыс (2)

Әрине, бұл Кремльге ұнай қойған жоқ. Алайда Украинада КСРО-дан мұра еткен әлемдегі үшінші ірі ядролық арсеналы мен  миллионға жуық әскері бар еді. Ал «Будапешт меморрандумы» кезінде Киев зымырандарын қауіпсіздік кепілдігі және экономикалық көмек үшін Ресейге берді.

1992 жылдың жазында Ельцин мен Кравчук Қара теңіз флотын ТМД-ның стратегиялық күштерінен шығару туралы келісімге қол қойды. 1993 жылы қыркүйек айында президенттер Қара теңіз флотын тең бөлу және инфрақұрылымды бөлісу туралы алдын ала келісімге келді. Алайда Кравчук  Отанына опасыздық жасады деп айыпталып, оппозицияның қысымымен  бөлудің паритеттік принципінен бас тартты.

2003-2013: Посткеңестік достық

Мәскеу мен Киев арасындағы алғашқы ірі дипломатиялық дағдарыс Путиннің кезінде басталды. 2003 жылдың күзінде Ресей кенеттен Керчь бұғазында Украинаның Тузла аралына қарай бөгет салуды бастады. Киев мұны шекараны қайта бөлу әрекеті ретінде қабылдады. Қақтығыс президенттердің жеке кездесуінен кейін шешілді. Нәтижесінде, құрылыс тоқтатылды. Бірақ екі ел арасындағы достыққа тағы да сызат түсті.

2008 жылы Бухарестте өткен НАТО саммитінде АҚШ президенті Джордж Буш Украина мен Грузияға Мүшелік әрекет жоспарын (МАП) алуға тырысты. Путин үзілді-кесілді қарсылық танытып, Мәскеу Украинаның тәуелсіздігін толық мойындамайтынын ашық айтты.

2013 жылдың жазында Ресей Украинаға жаппай экономикалық қысым көрсетіп, Украинаның шекарадағы экспортын тоқтатты.

2013 жылдың 23 ақпанында Жоғарғы Рада Янукович тұсында қабылданған Украинада орыс тілін аймақтық тіл ретінде қолдануға кепілдік беретін заңның күшін жойды.

жалғасы ертең...