Untitled Document

Күннің тарихы ... Бәрат түні

Бәрат түні – Шабан айының 15-ші түні. Құран кәрім Ләухул махфузға осы түні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын  жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл түн рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын еді (Риад-ун-Насихин). Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Шабан айы өте қасиетті ай, адамдар бұл айдың үстемдігінен ғафыл (хабарсыз). Бұл айда құлдардың амалы Аллаһу та’аланың дәргейіне шығарылады. Мен ораза тұтқан күйімде амалдарымның шығарылуын қалаймын». (Нәсаи)

«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында тұтылатын ораза». (Тирмизи)

Аллаһу та’ала Шабанның 15-ші түнінде мүшрик және мүшахиннен (бидғатшыдан) басқа барлығын кешіреді». (Ибн Мажә)

«Аллаһу та’ала Шабанның ортасында Бәрат түнінде дүние аспанына тәжәлли етеді. Бәниқалб қауымының қойларының қылдарынан да көп адамның күнәларын кешіреді». (Ибн Мажә, Тирмизи)

«Төрт түннің күндізі де түні секілді қасиетті. Аллаһу та’ала ол күндерде дұға еткен адамның тілегін қайтармайды, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсанға қауышады. Бұлар: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні және Жұма түні мен күндері». (Дәйләми)

Хазреті Хасан Басри Шабанның 15-ші күні мазардан шыққандай болып жүзі бозарып тұратын. Бұл қайғысының себебін сұрағанда «Илми яқинмен білемін, күнәларым бар. Күнәм кешірілмесе, сауаптарым да қабыл болмаса, жағдайым не болар деген қорқыныштан жүзім бозаруда», – деп жауаптаған екен.