Сұхбат... Денені тұйықтау (заземление)
Күнімізде инфрақызыл сәулелерімен сыртқы терінің арнайы суреттері түсіріліп, осы суреттерде жүніп болғаннан кейін бүкіл дененің беті шамадан артық статикалық энергия қабатымен қапталатыны анықталды. Бұл қабат, терінің оттегі алмасуына кедергі болумен қатар, тері түсінің бұзылуына және тез әжім басуына себеп болуда. Бұл жағдайдан құтылу үшін денені иненің ұшындай да құрғақ жері қалмайтындай етіп толығымен жуу керек. Осылайша су бөлшектері негативті электр өрісін алып, денені тұйықтайды және қалыпты күйіне қайтарады. Осы тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан да міндетті түрде орындалуы керек болған тазалық түрі.
Су табылмаған кездегі дәрет пен ғұсыл үшін топырақпен жасалатын тәйәммум де денедегі көп мөлшерлі статикалық энергияны жояды.
Қорыта айтқанда, Ислам дінінің талап еткен міндеттерінде дүниелік пайдалары қаншалықты көп болса да, бұларды тек Аллаһу та'аланың әмірі болғаны үшін және ахиретте азаптан құтылу үшін орындау керек. Ниет осындай болса, дүние пайдаларын бөлек ойлаудың да зияны болмайды. Исра сүресінің 18-ші және 19-шы аяти кәрималарында айтылғанындай:
«Қызығы мен ләззаттары тез өтетін, бітетін дүниені сұрайтындардан қалағандарымызға, қалағанымызды береміз. Ахирет пайдасы үшін тырмысқан мүминдердің алатын марапаттары мол».
Логикалық сұрақ
Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
жауабы ертең...