Untitled Document

Оқиға ... Сәхл Тустари

Сәхл бин Абдуллаһ Тустари ұлы әулиелердің бірі. 815 ж. (х 200) туылып, 896 ж. (х 283) Басра қаласында қайтыс болған. Сәхл бин Абдуллаһ кішкентайында алдымен анасынан, кейін әкесінен айрылған. Әкесі қайтыс болмай тұрып Сәхлді нағашысына аманат етіп қалдырып, қарап қамқор болуын айтып кеткен еді. Әулие кісі болған Мұхаммед бин Суар оны жақсылап тәрбиелеп жетілдірді. Сәхл бин Абдуллаһ біраз уақыттан кейін Хорасаннан шығып Бағдатқа келді. Маруф Карһи хазіреттерінің қызметіне кірді. Қажылыққа барып, ол жақта ұлы әулиелер қатарында болған Зуннун Мысри хазіреттерін көріп, оған шәкірт болу бақытына қауышты. Кішкентай жасынан таңғажайып халдері көрінді. Тасауф ғылымының ұлыларының бірі болып өз заманының көңіл сұлтаны атанды.

Өмірінің соңына қарай Сәхл бин Абдуллаһтың қол және аяқтары қимылсыз қалды. Намаз уақыты кіргенде қол аяқтары ашылып, намаз оқып болғансоң қайтадан қимылсыз халіне түсетін. Бір күні зікір туралы айтып отырып: «Аллаһу та’аланы Өзі талап еткендей зікір қылған кісі егерде өліні тірілтуді көздесе, тірілтеді» деп қолымен алдында отырған мүгедек кісіні сипады. Мүгедек кісі сол мезетте жазылып орнынан тұрды...

Қайтыс болар шағында зияратқа келген шәкірттерінің бірі:

- Ұстаз, сізден кейін мінберге кім шықсын?- деп сұрады.

Сәхл Тустари көздерін ашып Шадидил атты бір отқа табынушының (мәжуси) атын айтты. Шадидилді шақырып келді. Оған қарап былай бұйырды:

- Ей Шадидил! Үш күннен кейін мінберге шық және мұсылмандарға уағыз айт. Бұл менің саған өсиетім!

Қайтыс болғаннан үш күннен кейін Шадидил мінберге шығып былай деді:

- Ей Мұсылмандар! Ей Сәхл Тустаридің шәкірттері! Маған бір уақыттары шайх хазірет: “Ей Шадидил! Әлі иман келтіру уақытың келмеді ме?” деген еді. Міне оның айтқан уақыты келді және мен бүгін оның әмірін орындаудамын...

Бұл оқиғадан кейін Сәхли Тустаридің шәкірттері оған шәкірт болды.