Untitled Document

Әңгіме... Қате, қате, қате

Бұхараға 5 рет бардым. Бұхарадан әрдайым қайғырып шығамын. Бұхара біздің атамекеніміздегі ғибраттарға толы мекен. Мүмкіндік болса ғибрат алдыру үшін Түркиядан 65 миллион адамды алып, Ташкентке, Самарқанға, Бұхараға, Хиуаға апарар едім.

Орыстар 1860 жылы Түркістанға (өлкесіне) кірместен бұрын Бұхарада 365 мешіт пен медресе болған. Қәзір еш бірі жоқ. Бір кездері Самарқан әлемнің орталығы болып қабылданып, «діннің, яғни Исламның орталығы Бұхара» делінетін. Бұхараға соңғы барғанымда 150 жыл бұрын түсірілген фильмді көрдім. Менің ойымша өте маңызды құжат болатын. Жүрегімді езген бірқатар көріністер. Патша әскерлері Түркістанға кірместен бұрын әр жерде жүрген сақалды, ақ киімді еркектер, көздерін де көрсетпеген әйелдер, медреселер, мешіттер, кесенелер. Жұма мешітінде бір сурет түсіріліпті. Ұлы мешіттің кең бақшасында 10 мың Бұхара халқы намазда. Саптар өте тығыз және ретпен тізілген. Жамағат дәл бір әскер сияқты тізілген. «Жақсы, керемет» дейсіз. Тоқтаңыз, әлі мәселенің екінші жағы бар. Осы мешіті, медресесі, мұсылманы сансыз жерлерге орыс әскері қыдыруға бара жатқандай қолдарын сермеп-сермеп кірді. Сол қасиетті Түркістанды иеленді және Түркістанды 1860-1990 жылдары аралығында отарлады. Орыстар Түркістанның тек жер асты және жер беті байлықтарына қол салған жоқ.

1980 жылы өз көзіммен көрмесем сенбес едім, Ташкентте, Самарқанда, Бұхарада Мәскеудің бұйрығымен кейбір мешіттеріміз «Дінсіздік-Аллаһсыздық мұражайларына» айналдырылыпты. Бұхарада «Төрт мұнара» атты тарихи бір мешіттің тауық қора ретінде қолданылғанын көрдім.

Бүкіл Түркістанда орыс шапқыншылығынан бұрын 26650 мешіт және медресе бар болатын. Орыстар белгілі аралықтарда 26000 мешітті қиратып, өртеген. 650 мешітті қойма, кинотеатр, күрес клубы, дүкен, мұражай ретінде қолданған. Егер социалистік жүйе сол дөрекі, сол қанды, сол жабайы, сол ақымақ сипатына байланысты ыдырамағанда 50 жылдан кейін Түркістанда түріктің ешқандай ізі де қалмас еді. 

Явуз Буленд Бакилер /Түркия/