Untitled Document

Сұхбат... Ахиретте құтылатындар

Бір күні пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларына былай деді.
 «Түсімде ғажайып нәрселер көрдім;

- Үмметімнен бірін азап періштелері келіп ұстады. Алған дәреті келіп оны бұл қиындықтан құтқарды.

- Тағы біреуін қабір қыса бастады, оқыған намаздары келіп оны қабір азабынан құтқарды.

- Біреуін шайтандар арбай бастады, зікірлері келіп оны олардан арашалап алды.

- Тағы бірінің қатты шөлдегеннен тілдері салақтаған еді, Рамазан айында ұстаған оразалары келіп, оның шөлін басты.

- Біреуін зұлмат қаптады, жасаған қажылығы келіп оны қараңғылықтан құтқарды.

- Тағы біреуіне өлім періштесі келді, ата-анасына жасаған жақсылықтары келіп оған кедергі болды, өлімін кешіктірді.

- Мұсылмандар бір-бірімен тілдесе алмады, жасаған сыла-и рахим (туыстармен қарым-қатынасын үзбеу) келіп оларға шапағат етті.

- Пайғамбарының жанына келгісі келгендерге кедергі болды. Алған ғұсылы оны жаныма алып келді.

- Оттан қорғанған біріне берген садақасы келіп онымен оттың арасына перде болды.

- Біреуін жындар келіп жаханнамға тастамақшы болғанда, әмр-и маруф (дінде әмір етілген нәрселерді насихаттау, үйрету, орындату)  пен нәхии мункар (діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету) келіп оны құтқарды.

- Келесі біреуі жаһаннам отына тасталды. Аллаһу та’аладан қорқып төккен көз жастары келіп оны оттан алып шықты.

- Біріне амал дәптері сол жағынан берілмекші еді, Аллаһтан қорқуы келіп амал дәптерін оң жағынан әкелді.

- Сауаптары жеңіл болған адамның ерте өмірден өткен балалары келіп сауаптарын ауырлатты.

- Тозақтың шетінде қорқыныштан дірілдеп тұрған адам Аллаһу та’аланы ойлағанда, оның дірілі тоқтады.

- Сырат көпірінен әрең өткен біреуі Жәннатқа келді, алайда есіктері жабық еді. Кәлима шаһадат келіп оны Жәннатқа кіргізді».