Untitled Document

Оқиға... Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары (1)

Бірде мәскеулік «Знамя» журналының тілшілері Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастродан сұхбат алып отырып, совет еліндегі қандай даңқты батырларды білесіз деп сұрапты. Ол біраз ойланып, Василий Чапаев пен Бауыржан Момышұлының аттарын атайды.

Сонда журналистер:

– Бауыржан Момышұлы тірі адамғой!

– Қалай! Сапта жүрген кісі ме?!

– Әлбетте. Ол – запастағы офицер. Бірақ қатардан қалған жоқ. Қазір Қазақстанда Әдебиет майданы деп аталатын салада қызмет етеді.

- Солай ма?! Момышұлының еңбектері біздің әскери училищелерде оқытылады. Мысалы, қоршауды бұзып шығу тактикасына байланысты «Бауыржан спиралі» деген бар. Сөйтсе, «Бостандық аралының» серкесі Бауыржан Момышұлы туралы «Волоколам тас жолы» кітабын қайталап оқып, тамсанады екен. Батырды жауынгерліктің идеалы санап, аталған шығарманы Куба сарбаздарының ең қажетті әскери жабдықтары қатарына кіргізу жөнінде бұйрық шығарыпты. Қысқасы, тірі адам екенін білген соң, жаны қалмай, Бауыржанды мәртебелі мейман ретінде дереу Кубаға қонаққа шақырады. Бұл – 1963 жылдың қыркүйек айында болған оқиға. Сол сәт Баукең жас Олжас Сүлейменовті алдырып, жағдай осылай, екеуміз Кубаға бірге барып қайтайық, «адъютантым» бол деп ұсыныс жасаған. Сонда, батыр, бір жағынан, ақын інісіне мұң шаққандай болып, толқи отырып:

жалғасы ертең...