Untitled Document

Сіз бәлесіз бе?... Керек кеңес

Жүйкені тоздыратын және желіктіретін жеті нәрсе:
1.Еңбексіз жеген нан
2.Некесіз болған жан
3.Боямалы тән
4.Нашадан бұзылған қан
5.Көк шылымның түтіні
6.Арақтың жұтымы
7.Ақшалы ойынның тұтымы.
Мұндайларға мән бермес,
Асыл адам тұқымы

Жан дүниеңді жақсартар жеті нәрсе:
1.Әкімдердің шапағаты
2.Ғұламалар шариғаты
3.Байлардың салауаты
4.Кедейлердің қанағаты
5.Үлкендердің ұлағаты
6.Жастардың инабаты
7.Азаматтың ар-ұяты
Осыларды азық етер,
Асыл жандар ұлағаты

Тек кетпейтін үш дұға:
1.Ата-ананың қарғыс дұғасы
2.Мүсәпірдің налыған дұғасы
3.Аш адамның ашынған дұғасы
Халқы да оны жазғырар,
Қасында болса куәсі

Үш нәрсеге арқаңды сүйеп үйрен:
1.Өмірге арқа сүйемеген өледі
2.Уақытқа арқа сүйемеген өтеді
3.Жүрекке арқа сүйемеген өзгереді

Ер азаматты бақытқа жетелейтін үш нәрсе:
1.Өзіңе ұнайтын, сен жоқта абыройыңды, малыңды қорғайтын әйел
2.Жуас, мықты, төзімді көлік
3.Кең әрі қажетті нәрселерге толы үй

Бақытсыз ететін осылардың керісі

Ұмытпа:

1.Жаратқан Раббыңды ұмытпа
2.Ата-анаңды ұмытпа
3.Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екенін ұмытпа
4.Алған қарызыңды уақыты қайтаруды ұмытпа

Ұмыт:

1.Аллаһ разылығы үшін бергеніңді ұмыт
2.Жасаған жақсылығыңды ұмыт

Сақтан:

1.Аманатқа қиянат жасаудан
2.Тілге ие болып орынсыз сөйлеуден