Untitled Document

Сұхбат... Құран мұсылманға шипа

Сұрақ: Өлгендердің артынан және ауырып қалған адамдарға Ясин, Фатиха сүрелері оқылады. Бұл сүрелердің аудармасында шипа туралы айтылмайды. Фатиха сүресін оқығанда өзімізге дұға еткен боламыз. Олардың шипаға қандай қатысы бар?

Жауап: Не туралы айтылса да, Құран кәрімнің әр аяты, әр әрпі шипа.

Хадис шәрифте: «Дәрілердің ең жақсысы – Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажа)

Пайғамбарымыз үш түрлі ем қолданатын. Құран кәрім немесе дұға оқитын. Ғылыммен табылған дәрілерді қабылдайтын. Екеуін бірге қолданатын. Хадис шәрифте былай делінген:

«Құран кәрімнен шипа күтпеген адам шипа көре алмайды.» (Дәйләми)

«Фатиха – барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)

«Фатиха сүресі Аллаһу та'аланың ашуының алдын алады.» (Шира)

«Өлілеріңе Ясин оқыңдар!» (И.Ахмед)

«Мазарға келген адам Ясин сүресін оқыса, сол күні өлілердің азаптары жеңілдейді. Өлілердің санындай ол адамға сауап беріледі.» (Әтфал-ул-мүслимин)

«Ясин оқыған адамның қиыншылығы кетеді.» (Дәйләми)

«Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Исфәхани)

«Түнде Ясин оқыған адам таңға кешірілген болып шығады.» (Бұхари)

Дұғалар және шипалар

Аурудың жағдайына байланысты ем дәрімен, садақа берумен және дұғамен жасалады. Шипаны беретін тек қана Аллаһу та'ала. Құран кәрімде былай делінеді:

«Ибраһим «ауруыма тек қана Ол шипа береді» деді.» (Шуара 80)

«Құран кәрім мүминдерге шипа және мейірім.» (Исра 82)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Негізгі дауа – Құран.» (Ибн Наср)

«Фатиха мен Аят-ул күрсиді оқыған адамға сол күні назар тимейді.» (Дәйләми)

«Лә илаһа иллә әнтә субханака инни кунту минәз-залимин деп оқыған адам дерт пен бәле-жаладан құтылады.» (Хаким) (40 рет оқыған жақсы болады.)

«Таңертең-кешке Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін үш реттен оқы! Олар бүкіл бәле-жаланы, апаттарды, қиыншылықтарды және қаламайтын нәрселеріңді кетіреді.» (Тирмизи)