Untitled Document

Сіз білесіз бе? Кока Кола жайлы қызықты деректер

Әлемнің қай бұрышына саяхаттап барсаңыз да, қара сусынды, яғни кока-коланы кездестіру қиын емес. Сондай-ақ бүгінде кез келген отырысты, тойды коласыз елестету мүмкін емес. Шыққанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, танымалдылығы артып сұранысы көбеюде. Көпшілігіміздің өмірімізге етене араласып кеткен осы бір сусын жайлы деректер ұсынамыз.

1. Әлем бойынша тәулігіне 2 миллиардқа жуық кока-кола сатылады.

2. Солтүстік корея және Кубада кока-колаға ресми тыйым салынған.

3. 1886 жылы Джон Пембертон атты фармацевт кока-коланы олйлап табады, алғашында бұл сусын емдік мақсатта пайдаланылатын.

4. Екі жылдан кейін Аса Грисс Сендлер атты кәсіпкер Пембертоннан кока-кола компаниясын 550 долларға сатып алады.

5. 1929 жылға дейін бұл сусынға кокаин өндірілетін кока жапырағы қосылып келді.

6. «Кока-Кола» сөзі танымалдылығы жағынан «Ок» сөзінен кейін екінші орында.

7. Коланың әдеттегі 0,33 л құтысында 10 шәй қасық қант болады.

8. Бұл компания «Кока-Кола», «Фанта», «Спрайт» атты брендтерімен ғана шектелмейді, мұнда 4000ға жуық өндіріс бар.

9. Кока-кола логотипі алғашқы көрінісінен бері өзгертілмеген және оны дизайнер емес бухгалтер ойлап тапқан.

10. Картерсвилл қаласында 1904 жылы кока-коланың ең алғашқы жарнама билборды ілінді. Ол онда әлі күнге дейін тұр.

11. Кока-коланың қаңылтыр банкадағы нұсқасы сатылымға 1960 жылдан бастап шыға бастады, бұл түрі осыған дейін тек солдаттарға ғана жеткізілетін.

12. 1977 жылы пластикалық құтыда екі литрлік кола сатылымға шыға бастады.

13. Әлем бойынша секунд сайын бір жарым мың литр кола ішіледі.