Untitled Document

Сіз білесіз бе? Киімдегі белгілер

Киімнің ішкі жағында тігілетін заттаңбадағы белгілер киімді қалай дұрыс тазалау, жуу, кептіру, үтіктеу керек екені жөнінде мәлімет береді. Әр киімнің матасы әртүрлі болғандықтан әрқайсына жеке күтім қажет. Киіміңіз ұзағырақ кәдеге жарауы үшін заттаңбадағы белгілерге назар аударған жөн.

 

Құрамында хлор бар заттармен ағартуға рұқсат етіледі. Ерітінді суық немесе сұйылтылған болуы керек.

 

Ағартуға болмайды

 

200°С-қа дейін жоғары температурада үтіктеу.

 

 150°С-қа дейін орташа температурада үтіктеу.

 

 

 110°С-қа дейін төмен температурада үтіктеу.

 

 

 Үтіктеуге болмайды.

 

 

Кез келген еріткішті қолдануға болады.

 

 

Трихлорэтиленнен басқа кез келген еріткішті қолдануға болады.

 

 

Тек жұмсақ еріткіштерді қолдануға болады. 

 

 

Химиялық тазалауға тыйым салынады.

 

 

Барабанда орташа температурада кептіруге болады.

 

 

Барабанда төмен температурада кептіруге болады.

 

 

Барабанда кептіруге тыйым салынған.